Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Ақтөбе облысындағы индустриялық аймаққа соңғы 2,5 жылда 130 млрд теңге инвестиция тартылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Өңірде жоспарланған 27 жобаның 21-і іске асырылды. Қалған жобалар толық жүзеге асқан кезде шамамен 1 500 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
"Индустриялық аймақта инвесторларға дайын инженерлік инфрақұрылым мен қолайлы жағдайлар ұсынылады. Бұл кәсіпорындардың құрылыс шығындарын азайтып, жобаларды іске асыру мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді", – деп хабарлады әкімдік.
Осындай мүмкіндіктерді пайдаланған кәсіпорындардың бірі – Владимир Ли басқаратын компания. Оның айтуынша, жер учаскесін алу және дайын инженерлік желілерді пайдалану құрылыс шығындарын едәуір азайтуға мүмкіндік берген. Компания құрылысты 2023 жылы бастап, 2025 жылы аяқтаған.