Ақтөбеде 18 шетелдік сотталды: олар Ресейге заңсыз өтпек болған

06.07.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Ақтөбеде Тәжікстан мен Өзбекстанның 18 азаматына қатысты сот үкімі шықты. Олар жүк көлігінің тіркемесіне жасырынып, «Жайсан автомобильный» (Қазақстан–Ресей шекарасы) өткізу пункті арқылы Қазақстан аумағынан Ресейге заңсыз өтпек болған, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Шекарашылар көлікті тексеру кезінде заңсыз өтпек болған азаматтарды анықтады. Нәтижесінде олардың барлығы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасады деген айыппен сот алдында жауап берді.

Сотта айыпталушылар Ресейге жұмыс істеу үшін бармақ болғандарын, алайда елге кіруге тыйым салынғандықтан заңды жолмен өте алмағандарын айтты.

Сот барлық 18 шетелдікті кінәлі деп танып, 2 миллион 595 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге және Қазақстан аумағынан шығарылып, 5 жыл бойы елге кіруге тыйым салуға үкім шығарды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью