Ақтөбеде 200 ге жуық адам астан уланған мейрамхананың рұқсат құжаттары болмаған

01.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Қазақстанда жыл басынан бері 379 адам астан уланды. Оның тең жартысына жуығы балалар. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметі алаңында денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова айтты.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда ең өзекті мәселенің бірі - тамақтан улану.

Биыл жарты жылда Қазақстанда 379 адам астан уланған, оның ішінде балалар саны – 141, өткен жылмен салыстырғанда 71 адамға артқан.

"Рұқсат құжаттарының болмауы, медициналық тексеруден өтпеген адамдардың жұмыс істеуі, тағам өнімдерін дұрыс сақтамау және тағам даярлау технологиясын сақтамау. Барлығы 8 қылмыстық іс қозғалды. Оның алтауы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, екі іс сотқа жолданды. Қауіпті деп саналатын 94 кг астам тағам өнімдері пайдаланудан алынды", - дейді Бейсенова.

Алты нысанның қызметі тоқтатылды. Қоғамдық тамақтану саласында 20 мыңнан астам нысан бар, оған 600 тексеру жүргізілген. Санитарлық талапты сақтамағандарға 50 млн теңге айыппұл салынған. Ал Ақтөбе облысында жаппай улану оқиғасына қатысты тергеу әлі жүріп жатыр.

"Ақтөбе облысында барлығы 188 адам уланған, әлі күнге ем алып жатыр. Мейрамхана рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген, тағамды дұрыс сақтамаған. Сонда жұмыс істейтін қызметкерлер медициналық қараудан өтпеген", - дейді комитет төрағасы.

Еске сала кетейік, Ақтөбе облысында тойға барғандар жаппай уланып қалды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью