Ақтөбеде 26 жастағы әйел бұрынғы күйеуінің қолынан көз жұмды

06.11.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Ақтөбеде 26 жастағы әйел бұрынғы күйеуінің қолынан көз жұмды. Марқұмның артында бір қызы қалды. Бұл туралы оның сіңілісі әлеуметтік желіде жазды.

Полицияның мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Құқық қорғау қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстаған. Қазіргі уақытта 31 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға бұрынғы ерлі-зайыпты арасындағы тұрмыстық жанжал салдарынан болған.

"Бұған дейін полицияға аталған тұлғалардың арасында тұрмыстық жанжал болғаны туралы ешқандай арыз-шағым мен хабарлама түспеген", – деп хабарлады полиция департаменті.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью