Ақтөбеде 3,5 млрд теңгелік заңсыз криптоайналым әшкере болды

02.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ведомство мәліметінше, ұйымдастырушы міндетті тіркеусіз және лицензиясыз қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен операциялардан табыс табу схемасын ұйымдастырған.

Схеманы іске асыру үшін рөлдері нақты бөлінген, иерархиясы бар тұрақты топ құрылған. Қатысушылар дропперлерді іздеумен, олардың атына банк карталары мен криптовалюта биржаларында аккаунттар рәсімдеумен, қаржылық операциялар жүргізумен және кейін қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан.

- Тергеу деректеріне сәйкес, 150-ден астам дроппердің банк карталарына түскен қаражат ATAIX биржасындағы криптоәмияндарға аударылған. Қаражаттың заңды көрінісін жасау үшін дропперлер мен байланысы бар ЖШС арасында жалған қарыз шарттары рәсімделген. Одан кейін қаражат криптовалютаға айырбасталып, OKX биржасындағы криптоәмияндарға жіберілген.

Қаражатты айырбастау және шығару үшін бақылаудағы айырбастау пункті пайдаланылып, ақша шетел валютасына конвертацияланған, - деп түсіндірді агенттіктен.

Нәтижесінде цифрлық активтерді өткізу бойынша операциялар сомасы 3,5 млрд теңгеден асқан.

Тінту барысында 46 ұялы телефон, 92 банк картасы, сондай-ақ 25 463 USDT көлеміндегі криптоактивтер тәркіленді.

Қазіргі уақытта бес күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, Антальяда полиция кейпіне енген қаскөйлер 4 млн долларлық криптоактивті ұрлады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью