Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Ақтөбе қаласы Алматы ауданы Қарғалы тұрған алабында мектеп оқушысы құдыққа түсіп кетті. Құдық бұған дейін көлік дөңгелегімен белгіленіп қойған. Қатты жел кезінде артқа қарай жүрген оқушы байқаусызда шалынып, құдыққа құлаған.
Фото: видеодан алынған скрин– Менің балам әжесінің үйінен келе жатқан еді. Сол кезде жолдан баланың жылаған дауысын естіген. Алғашқыда дауыс аула ішінен, тіпті даладағы дәретханадан шығып жатыр деп ойлады. Ол жанында тұрған құдыққа үңіліп қарағанда баланы көреді. Құдықтың бетінде көлік дөңгелегі болған. Қатты жел кезінде бала артқа қарай жүріп, сонда түсіп кетеді. Баланы көрген бойда маған хабарласып, төтенше жағдайлар қызметін шақыруды сұрады. Мен олар келгенше көп уақыт өтетінін, көршілерді шақыруын сұрадым. Сөйтіп көршілерді, ағасын шақырып, сол жерден өтіп бара жатқан жасөспірімнен көмектесуін сұрайды. Арықша келген баланы құдыққа түсіріп, оқушыны матаға іліп, алып шыққан. Кейін көмек көрсеткен бала шығарылды. Біз ол баланы танимыз, білеміз. Ол 7 жастағы бала. Тереңдігі үш метр құдық бұған дейін ашық тұрған, - деді қала тұрғыны Орынша Бисенбекова.
Оның айтуынша, оқушы құдық ішінде жарты сағат отырып, көмек күткен. Ата-әжесінің, ата-анасының атын айтып шақырып, жылаған.
«Aqtobe su energy group» АҚ хабарлауынша, бұл құдық «Әлихан Ойл» ЖШС-не тиесілі.
– Тұрғындардан қауіп туралы ақпарат түскен соң «Aqtobe su energy group» АҚ қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына барып, құдық бетін жапты. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі біз үшін әрқайым басты орында. Сондықтан мұндай жағдайда жедел әрекет етуге тырысамыз, - деп хабарлады коммуналдық компания.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Абай облысында із-түзсіз жоғалған бала 6 сағат бойы құдықта болған.