Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде 90-жылдардың үлгісімен көшеге шыққан той кортежінің қатысушылары жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде ескі Москвич мінген жас жұбайлар мен жүк көлігінің артында үймелеп отырған жастардың видеосы тарады. Олар полиция назарына да іліккен.
"Мерекелік көңіл-күй жол қауіпсіздігі талаптарын сақтауға кедергі болмауы тиіс. Полиция қызметкерлері бейнежазбаға жүргізілген мониторинг барысында бірнеше көлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады. Атап айтқанда, жолаушыларды көлік кабинасынан тыс тасымалдау, сондай-ақ тәуліктің жарық уақытында сыртқы жарық беру аспаптары мен дыбыстық сигналдарды пайдалану талаптарын бұзу фактілері тіркелді", - делінген ресми хабарламада.
Құқық бұзушылар Қарғалы ауданының тұрғындары болып шықты. Көлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.