Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе қаласында 47 жастағы әйел 20 млн теңгені кредитке алып, алаяқтарға жібере салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция депаратменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, WhatsApp арқылы қоңырау шалған белгісіз адам өзін газ қызметкері ретінде таныстырған.
Одан кейін есептегішті тексереміз деп, әйелдің ұялы телефонына келген SMS-кодты сұраған. Оны алғаннан кейін тұтқаны қоя салған. Артынан өздерін ұлттық банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ретінде таныстырған белгісіз біреулер хабарласып, SMS-кодты алған алаяқтардан ақшаны сақтау керек деп байбалам салды. "Айна кредит" рәсімдеуге де көндірген.
"Алаяқтарға сенген әйел бірнеше банктен несие рәсімдеп, автокөлігін кепілге қойып, қаскөйлер көрсеткен шотқа 20 миллион теңгеден астам қаражат аударған. Қазіргі уақытта аталған қылмысты ашуға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді полицейлер.
Айта кетері, бұл – кеңінен тараған алаяқтық схема. Ондайда ұрланған ақша шетелге кетіп қалса, қылмыстық істі тергеу шаралары ұзаққа созылады.