Ақтөбеде әйеліне ренжіген ер адам ашуын аялдамадан алды

19.11.2025

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Ақтөбеде ер адам отбасылық жанжалдан кейін қоғамдық мүлікке зиян келтірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада оның аялдама әйнегін аяғымен теуіп сындырып жатқан сәті көрсетілген. Полиция қызметкерлері құқықбұзушыны жедел анықтап, ұстады.

Тергеу барысында ер адам әйелімен ренжісіп қалғанын және ашуын аялдама әйнегінен алғанын мойындады. Оған қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта іс материалдары шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жолданды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью