Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратының шатырындағы өрт ауданы 300 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіру жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметінен 33 техника мен 120-дан астам адам жұмылдырылды.
Фото: Алтынай Сағындықова / KazinformФото: Алтынай Сағындықова / Kazinform- Облыс әкімдігінің шатыры жанды. Төтенше жағдайлар департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Ол 33 техника мен 120-дан астам адам. Өрт оқшауланып, сөндіру жұмысы жалғасып жатыр. Нақты себебі өрт толық сөнген соң анықталады. Зардап шеккендер жоқ. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалады,- деді Ақтөбе облыстық ТЖД бастығының бірінші орынбасары Айбат Жаңабергенов.
Қазіргі кезде оқиға орнын полиция мен арнайы жасақ қоршауға алды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін кешкілік 6 қабатты әкімшілік ғимараттың шатырынан өрт шықты.