Ақтөбеде алапат дауыл ағаштарды құлатып, көліктерге зақым келтірді

21.06.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Фото: Бейнежазбадан скрин

Әлеуметтік желілерде табиғи апаттың салдары көрсетілген бейнелер тарады. Куәгерлердің айтуынша, сағат 13:30 шамасында қалада кенеттен дауыл соғып, нөсер жауын жауған. Ауладағы ағаштар құлап, кейбір көліктерге зақым келген. 

Сонымен қатар, кейбір аудандарда электр жарығы өшкен. Атап айтқанда, Алтын Орда ауданындағы бірнеше көпқабатты үй жарықсыз қалған.

21 маусымға арналған ауа райы: Қазақстанның көп өңірінде аптап ыстық пен өрт қаупі сақталады

Тұрғындар табиғи апат туралы алдын ала хабарлама алмағанын мәлімдеді.

Алайда Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері ауа райының қолайсыз болатыны туралы алдын ала ескерту жасалғанын айтты. Мамандардың мәліметінше, 21 маусымда облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіліп, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін екендігі ескертілген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда үш күн бойы толассыз жауған нөсер жауын салдарынан көшелерді су басып, ағын су тұрғындардың ауласына жайылған еді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью