Ақтөбеде әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан қашып кеткен тұрғын табылды

19.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 ақпан күні кешкілік қашып кеткен Айтжан Нағашыбай қазір № 2 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында.

— Орталық тұрғыны Айтжан Нағашыбай сотқа арыз түсіріп, денсаулығы туралы диагноз қайта қаралып жатыр. Бірінші сот отырысы өтті. Іс әлі қаралып жатыр, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

Айта кетейік, 2020 жылдың қазан айынан бастап сот шешімімен Айтжан Нағашыбай № 2 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғыны саналады. Диагнозы — Ғ20,8 (шизофренияның басқа түрлері — ред.) Ол бұған дейін де орталықтан бірнеше рет қашып кеткен.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью