Ақтөбеде алқа билер ақтап шыққан жүргізуші қайтадан сот алдында жауап береді

29.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Сотталушы Рамазан Инфуровқа Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен айып тағылды. Іс материалына сүйенсек, Самара-Шымкент тасжолында Mitsubishi Montero Sport пен Volvo жүк көлігі соқтығысқан. Салдарынан бір отбасының үш баласы мен олардың әкесі көз жұмды.

Ал анасы ауруханаға түсті. Арада үш жыл өткенде жүк көлігінің жүргізушісіне айып тағылды. Іс Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған аудараналық сотында қаралып, оған алқа билер қатысты. Сот Рамазан Инфуровты кінәсіз деп танып, қылмыстық құрам болмауына байланысты ақтады. Әрі жәбірленуші тараптың 50 млн теңге моральдық, 500 мың теңге заңгердің шығынын өндіру талап арызы қараусыз қалдырылды.

Арада бір ай өткенде прокуратура апелляциялық өтінішхат түсіріп, үкімнің күшін жоюды сұрады. Апелляциялық саты прокуратураның уәждерімен келісіп, істі қайта қарауға жолдады.
Сот кабинетіндегі ақпаратқа сүйенсек, сот үкім шығарған кезде алқа билердің шешіміне сүйенген. Ал алқа билерді таңдауда қателік кеткен. Бірі екі баласы бар екенін, сотқа қатыса алмайтынын айтқаны. Алқа билер қатарына кірген тағы бір адам ант қабылдаудан бас тартқан.

Яғни алқа би мүшелері сотқа қатысуға дайын болмаған. Қосалқа құрамда болған бір мүшесі күні бұрын ақтау туралы шешім шығаратынын айтып отырған. 

Ақтөбе облыстық сот алқасы үкімнің күшін жойып, істі Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қайта жіберді. Сот құрамы да өзге болады. 

Еске салсақ, алғашында жеңіл көлік рулінде болған әйелге айып тағылды. Іс Әйтеке би аудандық сотында қаралды. Сот жол қозғалысы қағидаларын бұзу фактісі өз дәлелін таппады деген тұжырымға келіп, ақтау үкімін шығарды. Содан кейін іс қайта тергеліп, жүк көлігінің жүргізушісіне айып тағылып отыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью