Ақтөбеде анасымен қауышқан бес балалы отбасы баспаналы болды

08.11.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Ақтөбе қаласының тұрғыны Құралай Есболатов әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті. Оның айтуынша, қоғамдық қор атынан пәтер берілді.

— Тосын сый болды. Көптен күткен күніміз. Керемет күннің, керемет өмірдің бастауы болып жатыр. Қазақ еліне алғыс айтамын. Бізді қолдап, осындай күнге жеткізді, — деді отбасының тұңғышы Құралай Есболатов.

Еске салсақ, Есболовтар отбасындағы 5 бала анасына араша сұрады. Олардың анасы Жұлдыз Тлеуф өзінің жүйке ауруына шалдықпағанын растау үшін Алматыдағы емдеу орталығында тексерілді.

Алматы қаласындағы республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы дәл қазіргі кезде дені сау деп анықтама берді.

Әкімдікте өткен жиында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қала әкіміне бес баланы баспанамен қамтуды тапсырды.

Кейін баспасөз қызметі бұл отбасы әкімдік ұсынған баспанадан бас тарқанын хабарлады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью