Ақтөбеде әріптесін өлтірген теміржолшы сотталды

27.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бас көлік прокуратурасы таратқан мәліметке сүйенсек, қылмыстық оқиға өткен жылдың қазан айында болған. Теміржолшылар қызметтік іссапарға шығады. Сол кезде үш әріптес пойыздағы мейрамханаға барып, ішімдік ішеді. Екеуі жанжалдасып қалып, вагондар аралығында бірі екіншісіне пышақ сұғып алған.

- Вагон тамбурында өз әріптесін бірнеше рет пышақтап, соның салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Сот сотталушыны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Үкім заңды күшіне енді, - деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбеде теміржолшы жұмыс орнында жарақат алып, төсекке таңылып қалды. Ділхан Аймағамбеттің жамбасы сынып, тұра алмайды. Бауырлары еңбек инспекциясының тексеру қорытындысын жоққа шығарып, қайта шағым түсірді. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью