Ақтөбеде ата анасы 30 жылға жуық уақыт бойы ұлының оралуын күтуде

30.07.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Ақтөбеде отыз жылға жуық уақыт бойы ата-анасы ұлдары Русланның оралуын күтіп отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

30 жастағы ер адам 1999 жылы 22 наурызда жоғалып кеткен. Ол үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Руслан өз кафесін ашып, үйленіп, болашаққа жоспар құрып жүрген еді.

"Сол күні күйеуім екеуміз үйде болмадық. Анам ауырып қалып, соған кеткенбіз. Үйде ұлым мен екі қызым қалды. Келінім өз анасына кеткен еді. Қызым одан шайға тәттілер әкелу үшін базарға барып келуін өтінген. Содан бері оны көргеніміз жоқ", - дейді жоғалған жігіттің анасы Алмаш Сәбирова.

Жоғалып кеткеннен кейін туыстары оны іздестіруге кіріскен. Полицияға жүгіну, елдің түрлі өңірлеріне бару – ата-анасы Руслан туралы қандай да бір дерек немесе ақпарат іздеді. Олар тіпті ұлдарының тірі екенін айтқан емші-балгерлерге де жүгінген. Жоғалған күннен бері 27 жыл өтсе де, іздестіру ісі әлі жабылған жоқ.

"Ақтөбе облыстық Полиция департаменті 1999 жылы хабар-ошарсыз кеткен 1969 жылы туған Сәбиров Руслан Шәмшадинұлының жүрген жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта бұл азаматтың қайда екені белгісіз", - деп хабарлады өңірлік ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жыл басынан бері Ақтөбе облысында адамдардың жоғалуы туралы 900-ге жуық арыз түскен. Олардың басым бөлігі табылды. Дегенмен үш адамды іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Русланның ата-анасы, арада белгісіздікпен өткен жылдарға қарамастан, ұлдарын аман-есен көреміз деген үміттерін үзбейді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью