Ақтөбеде ауыл тұрғынын бопсалаған үш күдікті қамалды

13.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ақтөбе облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы және арнайы бөлініс жауынгерлері боспалаушы топты анықтады. Тергеу кезіндегі ақпаратқа сүйенсек, күдіктілер қаңтар айынан бастап ауыл тұрғынынан ақша талап еткен.

– Үш күдікті ер адамнан екі миллион теңге ақша талап еткен. Жәбірленуші ақшаның бір бөлігін беріп үлгерген. Бопсалаушы топ арнайы операция барысында ұсталды. Ол кезде жәбірленушіден 400 мың теңге көлеміндегі ақша алды. Тінту барысында бопсалау кезінде алған ақша және күдіктілердің біріне тиесілі «ГАЗель» автокөлігінен пышақ табылып, тәркіленді. Ұсталғандар кінәсін мойындады. Қылмыстық кодекстің «Қорқытып алу» бабы бойынша тіркелген қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жәбірленуші 38 жаста болса, күдіктілер 38, 37 және 32 жаста. Қазір күдіктілер тергеу изоляторында отыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, БҚО-да бопсалауға қатысы бар күдікті қамауға алынды. Күдікті жәбірленушінің пәтерінде болып, оны қорқытып, iPhone 15 телефонын иемденген. Ол қызды сол телефонды ломбардқа тапсыруға мәжбүрлеген.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью