Ақтөбеде авиажөндеу зауытының экс басшысы сотталды

03.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

№ 2 Ақтөбе қалалық сотында «Авиажөндеу зауыты № 406 ГА» АҚ-ның бұрынғы президенті Геннадий Мезенцевке қатысты іс аяқталды. Сот үкімімен сотталушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

— Геннадий Мезенцев Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша айыпты деп танылып, түпкілікті 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда материалдық жауапкершілік алатын лауазымды атқару құқығынан 6 жылға айырылсын. Жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтесін, — деді судья Нұрлан Бақтығалиев.

Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Сот үкімімен «Авиажөндеу зауыты № 406 ГА» АҚ-ның азаматтық талап арызы ішінара қанағаттандырылды. Сотталушы зауыттың 83,5 млн теңге материалдық шығынын өтеуі тиіс.

Сонымен бірге сот шығыны 2,5 млн теңге деп есептелді.

Еске салсақ, 2017-2021 жылдары аралығында «Авиажөндеу зауыты № 406 ГА» АҚ-ның президенті қызметін атқарған Г.Мезенцев былтыр «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша айыпталып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол кезде 2018-2020 жылдары МИ-2 тікұшағының қосалқы бөлшектерін, агрегаттарды негізсіз есептен шығарғаны үшін айып тағылды. Арада бір жыл өткенде екінші іс сотқа түсті

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью