Ақтөбеде баланы қағып, қашып кеткен велокурьер іздестіріліп жатыр

31.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Фото: Ашық дереккөз

Қыз бала шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оған жоғарғы жақ сүйегінің сынуы, бетсүйегінің сынуы және алдыңғы тістерінің қағылып түсуі деген диагноз қойған. Баланы ұзақ уақыт емдеу және оңалту күтіп тұр.

Алматыда мопед жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Зардап шеккен қыздың анасы Ақтөбе тұрғындарына оқиғаға кінәлі адамның кім екенін анықтауға көмектесуді сұрап үндеу жасады.

«Егер сол уақытта осы маңда болсаңыз, аталған жол учаскесімен жүріп өткен болсаңыз, оқиғаның куәсі болсаңыз немесе велокурьерді көрген болсаңыз, кез келген ақпаратты хабарлауыңызды сұраймыз. Мүмкін, біреулердің бейнетіркегішіне немесе бейнебақылау камерасына оқиға сәті түсіп қалған шығар. Баланы қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен адамды табуға кез келген мәлімет көмектесуі мүмкін», делінген үндеуде.

Шу станциясында әйелді пойыз қағып кетті 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью