Ақтөбеде белгісіз біреу кішкентай қызды алып кетпек болған

24.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ақтөбеде күндізгі уақытта аулада ойнап жүрген кішкентай қызды белгісіз адам алдап ертіп кетпек болған. Оқиға тұрғындарды алаңдатып, полиция жедел әрекетке көшті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Диапазон оқырмандарынан

Ақтөбе қаласында бала ұрлау әрекетіне қатысты дерек тіркелді. Бұл туралы жергілікті тұрғындар Диапазон басылымына хабарлаған. Олардың айтуынша, оқиға Есет батыр ауданында (бұрынғы Нұр-Сити) болған.

Куәгерлердің мәліметінше, аулада ойнап жүрген кішкентай қызды бейтаныс бойжеткен өзімен бірге ертіп кетпек болған. Ол баланы алдау үшін «жүр, саған сақина беремін» деп уәде етіп, тіпті сырғасының бар-жоғын сұраған. Бала барудан бас тартқанына қарамастан, белгісіз адам оны көндіруге тырысқан.

Қолайлы сәтте қыз бала қашып шығып, жақын маңдағы дүкенге тығылған. Оқиға дүкендердің біріндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Тұрғындар бұл жағдайды бірден полицияға хабарлаған. Сонымен қатар, олар ауладағы камералардың істемейтінін айтып, балалар қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірген.

Оқиғаға қатысты Ақтөбе облысы полиция департаменті пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, күдікті қыз ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тексеру жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары күдіктінің әрекетіне заң аясында баға беріліп, тиісті шешім қабылданатынын мәлімдеді.

Талғардағы адам өлімі мен бала ұрлығы: Учаскелік инспекторға үкім шықты

Соңғы жаңалықтар

Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты

Туризм • Бүгін, 20:53

Нұржан Батырбеков Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды

Күрес • Бүгін, 20:28

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды

Оқиға • Бүгін, 19:55

Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті

Аймақтар • Бүгін, 19:39

Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды

Ғылым • Бүгін, 18:54

Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді

Елорда • Бүгін, 18:33

Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды: Екі адам қаза тапты

Оқиға • Бүгін, 18:03

Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Оқиға • Бүгін, 17:50

Қазақстандық ғалымдар экологиялық тәуекелдерді алдын ала болжайтын станцияларды ойлап тапты

Оқиға • Бүгін, 17:50

Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген

Оқиға • Бүгін, 17:22

Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады

Құрылыс • Бүгін, 17:04

Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады

Қаржы • Бүгін, 16:59

Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты

Қоғам • Бүгін, 16:45

Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты

Президент • Бүгін, 16:31

Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді

Технология • Бүгін, 16:21

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью