Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Қайғылы оқиға туралы марқұмның туысы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Түнде Ақтөбеде әпкемді өлтіріп кетті. Оны ортақ баласы бар бұрынғы күйеуі өлтірген", – деп жазды автор.
Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 6 қарашада осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Полиция департаменті бастығының орынбасары Әсет Қалиев күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын нақтылады.
"Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы тұрмыстық жанжал салдарынан жасалған. Айта кету керек, бұған дейін полицияға тұрмыстық жанжалдарға қатысты ешқандай арыз, өтініш немесе хабарлама түспеген", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаменті.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.
Айта кетейік, соңғы бірнеше күнде Ақтөбеде әйел адамды өлтірудің бұл – екінші дерегі. 2026 жылғы 3 қарашада Неке сарайында әйел өлтірілген болатын. Кейін күдіктінің марқұмның бұрынғы бірге тұрған азаматы екені анықталды. Олардың арасында мекемеде ата-ана құқығынан бас тарту мәселесіне байланысты жанжал туындаған.