Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Ақтөбе облыстық прокуратурасының хабарлауынша, былтыр түскен хабарламалардан соң бірден іс қозғалған. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің «Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау» бабы бойынша тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
- Анонимді хабарламалардың авторларын анықтау және ұстау бойынша барлық қажетті шара қабылданып жатыр. Соңғы 4 жылда облыс соттары 5 тұлғаға қатысты 5 қылмыстық істі қарады. Сот тәжірибесін талдасақ, көбіне бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалады. Бас бостандығын шектеу жазасы сирек кездеседі. Мысалы 2023 жылғы 16 сәуірде Агейкин 102 нөміріне қоңырау шалып, өзі тұратын үйге бомба қойылғаны туралы жалған хабарлаған. Ішімдік ішкен күйі қоңырау шалған. Агейкинге 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сот оның өз ісіне өкінетінін, кінәсін толық мойындағанын және бұған дейін қылмыстық жауапқа тартылмағанын ескерді,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық прокуратурасы.
Еске салсақ, былтыр қазан айындаа Ақтөбеде өрт сөндірушілер екі күн қатарынан жалған хабарлама алды.
Көп ұзамай жарылғыш зат туралы жалған хабар берген жасөспірім ұсталды.