Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Ақтөбе облысының эпидемиологтері демалыс және Наурыз мейрамы күндері аса сақ болуға шақырды. Әсіресе балаларды жабық демалыс орындарына апару әлі де болса қауіпті.
— Биыл Ақтөбе облысында 224 адам қызылша жұқтырды. Оның 187-і Ақтөбе қаласында болса, қалғандары аудандарда. Қазір бес науқас ауруханада жатыр. Оның ішінде төртеуі бала. Қорғану жолы — екпе. Сондықтан қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайын тұрақтандыру үшін 6 ай, 10 ай 29 күн болған балаларға да вакцина беріліп жатыр. Бұрын қызылшаға қарсы вакцина алмаған 2-5 аралығындағы балалар мен 7-18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жаппай иммундауға жатады. Балаларды қорғау үшін мерекелік демалыста да сақтық шарасын ұмытпау керек. Вакцина алмаған балаларды ойын-сауық, сауда орталықтары мен жабық ойын алаңдарына апармаған дұрыс, — деді Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Аяғанов.
Айта кетейік, қызылша — сөйлесу, жөтелу және түшкіру кезінде ауа-тамшы жолымен жұғатын жедел вирустық инфекция. Бұл — балалар арасында ең жұқпалы аурудың бірі. Кейінгі жылдары әлемнің бірқатар елінде вакцинация деңгейінің төмендеуіне байланысты қызылша ауруының өршуі байқалып отыр.