Ақтөбеде боранды күні жолда қалған адамдар құтқарылып жатыр

06.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Ақтөбе облысында қазір күн жылы болғанымен, боран соғып тұр. Салдарынан бірнеше бағыттағы жол жабылды. Ескерту елемеген кейбір жүргізушілер жолға шығып, кейін көмекке жүгінді.

– Республикалық және облыстық маңызы бар жабық жолды патрульдеу барысында ТЖД құтқарушылары қар құрсауында қалған 4 жеңіл автокөлікті шығарды. Көліктердің ішінде 11 адам болған. Зардап шеккендер жоқ, ешкімге медициналық көмек қажет болмады. Бұл Хромтау ауданында болған оқиған. Кейінірек Қарғалы ауданында облыстық маңызы бар Дөң – Бадамша – Ақтөбе – Орск автожолының 65-шақырымында 1 жеңіл және 1 жүк автокөлігін шығарды. Көліктерде 6 адам болған. Барлығы да аман-есен құтқарылды, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасө қызметі.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір полиция жолдарды күзетіп тұр. Жеңіл және жүк көліктерінің бәрі кемпингтерге орналасқан.

Айта кетейік, Ақтөбе және Қостанай облысында жол жабылды. 2 облыстағы 4 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью