Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Желіде домбыраны «харам» деп атаған Ақтөбе қаласының тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бейнежазбада ер адам Қазақстанның ханафи мазхабын ұстанатынын айтып, ішекті аспаптар, соның ішінде домбыра мен гитараны шариғат бойынша «харам» деп санағанын мәлімдеген.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша діни араздықты қоздыру фактісімен қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті әлеуметтік желіде діни негіздегі өшпенділікті қоздыруға бағытталған пікір жариялаған. Жедел іс-шаралар барысында ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.