Ақтөбеде электр желісін қайта қалпына келтіру үшін 9 бригада жұмыс істеді

06.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ақтөбеде боран салдарынан кеше түнде бірнеше ауылда жарық сөнді. Ауылдардың бәрі бір желіге жалғанған.

— Далалықтағы жоғары кернеулі бағаналардың сымдары бір-біріне тиіп, Қарақұдық, Үшқұдық, Қарақобда, Қарағаш ауылдық округтерінде жарық уақытша сөнді. «Энергосистема» мекемесінен 9 бригада жедел жұмыстарды жүргізіп, түнгі уақытта барлық ауылда жарық қосылды, — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, кеше түнде Алға ауданының Нұрбұлақ, Самбай, Амангелді, Қарақұдық, Көктоғай, Тікқайың, Қарақобда, Үшқұдық және Маржанбұлақ ауылының шығыс бөлігінде жарық сөнді.

Бұл туралы аудан әкімі Асланбек Шүйіншалиевтің өзі хабарлады

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью