Ақтөбеде еліміздегі ең үлкен стадионның құрылысы басталды

25.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Жоба түркиялық мердігер компанияның қатысуымен жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында іргетас құю, бетондау, бағаналарды орнату және монолитті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Стадион 10 блоктан тұрады. Құрылысшылар жыл соңына дейін негізгі монолитті жұмыстарды аяқтап, темірбетон қаңқасын тұрғызуға кірісуді жоспарлап отыр.

Ақтөбе әкімдігінің мәліметінше, бүгінде нысан құрылысында 152 адам еңбек етіп жатыр. Құрылыс жұмыстарының қызған шағында алаңда 700-ге жуық маман жұмыс істеп, нысан келесі жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр.

Орталық Азиядағы ең үлкен стадион құрылысының 80 пайызы дайын

Жаңа арена УЕФА-ның IV санатына сәйкес салынып, алты ярусты трибуналармен жабдықталады. Сонымен қатар стадионның сыртқы келбеті заманауи медиафасадпен әрленеді.

Стадионның сыйымдылығы жанкүйерлер сұранысын ескере отырып белгіленген. Қазіргі таңда облыс орталығындағы Қобыланды батыр атындағы орталық стадион небәрі 12 800 көрерменді қабылдайды. Әкімдік мәліметінше, «Ақтөбе» клубының еурокубок матчтарына билет сатып алуға 160 мыңға дейін өтінім түседі. Қазақстан чемпионаты ойындарына да қызығушылық жоғары – әр турда 50-55 мыңға дейін сұраныс тіркеледі.

 Семей қаласындағы «Спартак» стадионы УЕФА-ның екінші санатын алды

Жобаның тағы бір ерекшелігі – оның өзін-өзі ақтауға бағытталғанында болып отыр. Стадион аумағында фитнес орталығы, коворкинг, бизнес және ойын-сауық аймақтары орналасады. Бұл нысанның жыл бойы тұрақты табыс табуына мүмкіндік береді.

Құны 70 миллиард теңгеге жуықтайтын жоба толық жүзеге асқан жағдайда, жаңа арена Қазақстан тарихындағы ең қымбат әрі ең үлкен стадион атанады.

Айта кетейік, бүгінде еліміздегі ең үлкен стадион –  30 мың орындық «Астана Арена». Оның құрылысына 28,7 миллиард теңге жұмсалған. Ал ең жаңа стадион өткен жылы ашылған «Қайсар Арена» болып отыр. Стадион бір мезетте 11 адамды қабылдай алады. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью