Ақтөбеде ер адам 35 жастағы әйелді пышақтап өлтірді видео

14.10.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Ақтөбе қаласында 35 жастағы әйел кісі қолынан қаза тапты.

Шабуыл сәтінен видео желіде тарады.

Кісі өлтірді деген күдікпен Атыраудың 28 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полицияның мәліметінше, ер адам мен марқұм таныс болған.

"Араларында туындаған жанжал барысында ер адам әйелге пышақ жарақатын салған. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмды", - дейді Ақтөбе полициясы.

Полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью