Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Ақтөбеде танысын бопсалаған күдікті қамауға алынды.
Полицияға Ақтөбе қаласының тұрғыны арызбен жүгінген.
"Ол бұрын қарым-қатынаста болған таныс ер адамның оның келісімінсіз түсірілген интимдік сипаттағы бейнежазбаларды таратамын деп қорқытып, психологиялық қысым көрсетіп жүргенін хабарлаған", - деп жазылған хабарламада.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықталып, ұсталды. Күдікті көршілес облыстың 38 жастағы тұрғыны болып шықты.
Аталған факті бойынша жеке өмірге қол сұғушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға, сондай-ақ күдіктінің өзге де құқыққа қайшы әрекеттерге қатысы бар-жоғын тексеруге бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.