Ақтөбеде ер адам өгей баласына бірнеше жыл қатыгездік көрсеткен

30.01.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 29 қаңтар - Sputnik. Ақтөбеде жасөспірім баласына ұзақ уақыт бойы қатыгездік көрсеткен өгей әкеге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық соты.

Қылмыстық іс Ақтөбе қаласының №2 сотында қаралды.

"Ақтөбе қаласының тұрғыны 2012 жылы туған өгей баласына қатысты ұзақ уақыт бойы қатыгездік көрсеткен. Ұрып-соғып, базарда еріксіз жұмыс жасатып, физикалық күш қолданған. Психикалық зардап шектірген", - дейді сотта.

Алайда өгей әке өзіне тағылған айыпты ішінара ғана мойындаған. Бірақ кінәсі дәлелденген. Мемлекеттік айыптаушы соттан оны 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

"Сот үкімімен ер адам Қылмыстық Кодекстің 110-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - дейді сотта.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью