Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты интернет арқылы есірткінің ірі көлемін сатуды ұйымдастырған қылмыстық топ мүшелеріне үкім кесті. Іс бойынша айыпталған алты адам 15 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Qymyz shop брендімен жұмыс істеген қылмыстық желі елдің бірнеше өңірін қамтыған. Сауда-саттық Telegram арқылы жанасусыз (бесконтакт) тәсілмен жүргізіліп, есеп айырысу «дропперлердің» банк карталары арқылы жасалып отырған.
Географиясы мен ауқымы
Прокурорлар мен полицейлердің арнайы операциясы барысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Астана қаласында, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында ұсталды. Қаскөйлерден 10 келіден астам психотроптық зат тәркіленді.
Шоттарды бұғаттау және «Кибербақылау»
Тергеу аясында құқық қорғау органдары есірткі бизнесінің қаржылық инфрақұрылымына айтарлықтай соққы берді:
2 000 банк шоты бұғатталды;65,5 миллион теңге сомасына 34 000 шетелдік картаның жұмысы шектелді;«Кибербақылау» жүйесі арқылы 260 Telegram-арна мен интернет-ресурс жабылды.Жедел жұмыспен қатар өңірде белсенді профилактикалық шаралар жүргізілуде. Жыл басынан бері Ақтөбе облысында еріктілер 20-дан астам есірткі граффитиін жойды, ал мектеп оқушылары үшін «Закладка» және «Иллюзия свободы» фильмдері көрсетіліп, оны 16 мың жасөспірім тамашалады.
Еске сала кетейік, 2026 жылғы 16 наурызда сот топтың барлық алты мүшесін кінәлі деп таныды. Ең ауыр жаза — 17 жыл колония — желі ұйымдастырушысына берілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Бүгін, 16:25