Ақтөбеде халықты бес жыл бойы алдаған ломбард басшысы тергеуге алынды

20.04.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Ақтөбе қаласында халықты бес жыл бойы алдаған ломбард басшысы тергеуге алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Тергеу материалына сәйкес, күдікті 2020-2025 жылдар аралығында халықтан ұялы телефондар, теледидарлар, ойын приставкалары, фотоаппараттар және тұрмыстық техниканы кепілге қабылдап, қарызға ақша берген. Бірақ ломбард қызметіне лицензиясы болмаған. Ал уәкілетті органдардың көзіне түспеу үшін заңсыз қызметті комиссиондық дүкендер ретінде ұйымдастырған.

Оған қоса, күдікті қаржыға мұқтаж азаматтардың жағдайын пайдалана отырып, тәулігіне 3,7%-ға дейін жететін жоғары пайыздық мөлшерлемелер белгілеген. Бұл заңмен белгіленген 0,3% шектен 12 есе жоғары.

"Мәселен, бір клиент 257 000 теңге көлемінде 10 күнге қарыз рәсімдеп, комиссия шарты бойынша 51 400 теңге (тәулігіне 2%) сыйақы төлеуге мәжбүр болған. Ал заң бойынша бұл сома 7 710 теңгеден (0,3%) аспауға тиіс еді", - дейді агенттік мамандары.

Заңсыз ломбардтан түскен табыс көлемі 93 млн теңгеден асып отыр. Қазіргі кезде сот санкциясымен күдіктінің үш автокөлігі мен пәтеріне тыйым салынды. Оған қатысты елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Ал қылмыстық іс сотқа жолданды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью