Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Ақтөбе облысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ХҚҚО ғимаратында заңсыз көші-қонды ұйымдастырған күдіктілерді ұстады, деп хабарлады өңір полициясы.
Жедел іс-шаралар 2 сәуірде жүргізілді. Полиция мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер өздері жалға алған бірнеше кабинетте шетел азаматтарын тіркеу саласында жалған құжаттарды пайдалана отырып, ақылы негізде делдалдық қызмет көрсеткен.
Қазіргі уақытта аталған тұлғалардың Орта Азия елдерінен келген шетел азаматтарына заңсыз құжат рәсімдеумен айналысқаны анықталды.
Жалған құжаттарды дайындау, қолдан жасау және өткізу дерегі бойынша тіркелген қылмыстық іс аясында күдіктілердің қылмыстық әрекеттерін құжаттандыруға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.
Полиция өкілдері құжаттарды тек ресми көздер арқылы рәсімдеу қажет екені және «көмекшілер» деп аталатын делдалдарға жүгінбеуге кеңес береді.
Публикация от Polisia AQTOBE (@polisia_aqtobe)
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бүгін, 10:36