Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Республика бойынша ең үлкен облыс аумағындағы жердің 40%-ы қазір резервте тұр. Яғни бұл жерлер шаруаға да, кәсіпкерге де, жеке адамдарға да бекітілмеген.
- Бұл жердегі жануарлар күзеті жергілікті атқарушы органдардың міндетіне жүктелген. Енді аң-құсты қорғау мекемесін құруды ұсынып отырмыз. Онда инспекторлар болады. Инспекторлар заңсыздықтың алдын алу, егер құқықбұзушылық болса, оны полицияға хабарлау қызметін атқарады. Далалықтағы жануарлар түрін анықтап, санын анықтай алады. Жануарлардан бөлек балық шаруашылығын да қарайды, - деді Ақтөбе облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Исатай Еспағанбетов.
Айта кетейік, Ақтөбе облысы аумағында барлығы 53 аңшылық алқабы бар. Оның 52-і табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілді. 2025 жылдың ақпаннан 2026 жылдың 15 ақпанына дейін 88,7 мың бас жануарды аулауға рұқсат берілді. Бюджетке 20 млн теңгеге жуық қаржы түскен.
Бұған дейін Ақтөбеде мал өлекселерін көметін орын әзірлеуге биыл 686 млн теңге жұмсалатынын жазған болатынбыз. Әрқайсысының құны 24,5 млн теңге болып тұр.