Azh.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Ақтөбе облысында «Ішімдіксіз ауыл» акциясы жалғасуда. Polisia.kz дерегінше, биыл тағы бес ауыл алкоголь өнімдерін сатудан өз еркімен бас тартты.
Өткен жылы өңірде 35 елді мекен ішімдіксіз ауыл мәртебесін алған болса, биыл олардың қатарына тағы бес ауыл қосылып, жалпы саны 40-қа жетті.
Бұл шешім «Қауіпсіз аула» және «Алкогольсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында қабылданған.
Төрт ауданға қарасты ауылдар қоғамдық тәртіпті нығайтуға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып отыр.
Соңғы бес жылдағы талдау мұндай ауылдарда қылмыс деңгейінің тұрақты түрде төмендегенін көрсеткен.
Шалқар ауданының Шетырғыз ауылы — нақты мысал: 2020 жылы ішімдік сатудан бас тартқаннан бері ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген.
Алға, Хромтау және Қарғалы аудандарында ішімдіксіз ауылдар саны аз болғандықтан, түсіндіру және профилактикалық жұмыстар күшейтіледі. Жалпы бастама құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
Бүгін, 16:40