Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Полиция Ақтөбе облысы Байғанин ауданы аумағында УАЗ көлігін тоқтатып, тексеру жүргізді.
– Көлікті тексеру кезінде жүк салғышынан мотоцикл және 14 киіктің ұшасы табылды. Автокөлікте отырған Атырау облысының үш тұрғынынан 12 калибрлі аңшы мылтығы, рация, дүрбі және пышақтар тәркіленді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануар түрлерімен заңсыз айналысу» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотында жергілікті тұрғынның киік мүйізін заңсыз иемденіп, сақтағаны үшін қылмыстық іс қаралып, үкім шығарылды. Сотталушы бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.