Ақтөбеде мерекелік концерт пен отшашу болмайды

24.10.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ақтөбе облысы әкімдігі хабарландыру беріп, гала-концерттің өтпейтінін айтты.

— 25 қазан күні сағат 19:00–де «Қазақ халқына мың алғыс» алаңында өтуі жоспарланған гала-концерт пен отшашу өңірде болған жағдайға байланысты өтпейтіндігін хабарлаймыз, — деп жазды Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапты. Оқиға Әйтеке би ауданы Белқопа ауылы маңында болды. Жүк көлігі мен жолаушылар тасымалдайтын ГАЗель соқтығысты.

Аман қалған жолаушылардың үшеуі ауыр жағдайда екені айтылды. 

Жол-көлік оқиғасынан соң Самара-Шымкент тасжолының бір бөлігі жабылды. 

ІІМ Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасын тергеу үшін арнайы топ жіберді. 

Ақтөбеде жол-көлік апатына кімнің кінәлі екені нақтыланды. 

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Белқопа ауылының шетінде болған жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылғаны анықталды.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев зардап шеккендерді санавиациямен Астана қаласына жеткізуді тапсырды. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью