Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Оқиға Ақтөбе облысы Темір ауданы Еңбекші ауылында болды.
— Темір аудандық полиция бөлімі 2002 жылы туған азаматтың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ал Ақтөбе облыстық білім басқармасының хабарлауынша, жас маман былтыр ғана мектеп-балабақшаға ауысып, тарих пәнінен сабақ берді.
— Ол тарих пәнінің мұғалімі. Еңбек жолын Маржанбұлақ ауылынан бастаған. 2025 жылдың ақпанынан бастап Еңбекші мектеп-бақшасында жұмыс істеді. Жұмысын жауапкершілікпен атқарды, басшылық тарапынан ескертулер болмады, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық білім басқармасы. Мұғалімнің денесі ауылда өзі тұратын үйден табылған.
Еске салсақ, 2025 жылдың желтоқсан айында Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өз үйінде өз-өзіне қол жұмсады. Ол қызметке 2024 жылы сайланған.