Ақтөбеде оқушы соққыға жыққан қарияға психологтер көмектесіп жатыр

04.12.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ақтөбе қаласындағы ауруханада ем алып жатқан қарияның жағдайы орташа ауыр. Дәрігерлер 2 қараша күні сағат 01:40-та жеткізілген қарияның жарасын таңып берді. Сонымен бірге оның қабырғасы сынғанын анықтады. 

- Бес жерінен жарақат алған. Қол-аяғында соққының іздері бар. Сонымен бірге ол шок алған. Қазір жағдайы тұрақты, керекті емнің бәрін алып жатыр. Күн сайын психологтер қарап, әңгемелеседі. Өз әңгімесін айтқанымен, құлағы нашар естіген соң сұрақтарға дұрыс жауап бермейді. Әзірге ауруханада жатып, емін жалғастырады. Келесі апта қайта қарап, учаскелік дәрігердің бақылауына жіберуіміз мүмкін. Жағдайы орташа ауыр. Барлық керек емді түгел алып жатыр, - деді №1 көпсалалы қалалық ауруханасының бас дәрігері Қадірбек Иманбаев. 

Фото: Алтынай Сағындықова

Еске салсақ, Ақтөбеде оқушы анасын өлтіріп, әжесін пышақтады. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Оқушы өз кінәсін мойындады. Оқиғаның себебі әлі айтылмады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью