Ақтөбеде өз өзіне қол жұмсаған қала әкімінің орнына жаңасы сайланады

02.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының хабарлауынша, 4 аудандағы аумақтық сайлау комиссиялары 5 ауылдық округ әкімін сайлауды жоспарлап отыр. 8-ақпан күні Мәртөк ауданындағы Байнассай және Тәңірберген, Ойыл ауданындағы Қайыңды, Хромтау ауданындағы Дөң ауылдық округінде сайлау өтеді. Сонымен бірге Темір ауданы Темір қаласында әкім сайлауы ұйымдастырылады. 

- Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды. Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2026 жылғы 1 қаңтардан басталды,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясы. 

Еске салсақ, желтоқсанда Ақтөбе облысы Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өз үйінде суицид жасады. Сол кезде полиция өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью