Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Ақтөбе облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына мектеп оқушыларының ісі түсті. Сот ашық болғанымен, судья сот салындағы жәбірленуші мен айыпталушының кәмелетке толмағанын ескеріп, жабық қарауға шешім қабылдады. Жәбірленуші Айсұлтан Кәрім анасымен, қорғаушысымен бірге сотқа қатысады.
Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform- Қазігі таңда баланы тағы да отаға дайындап жатырмыз. Қолына темір салынды, енді соны алады. Түнде ұйықтамайды, сырқырайды. Балам әлі де сол күнді ұмытпады. Оны мектепте көрсе қорқады, шошиды. Мен сотталушының лайықты жазасын алғанын қалаймын. Сонымен бірге облыстық білім басқармасынан сотталушының сынып жетекшісінің жұмыс орнын босатуын талап етемін. Менің баламның қолы сынып, ауруханаға түскенде барып, қорқытқан,- деді Ақжан Кәрім.
Еске салсақ, Ақтөбе қаласының тұрғыны Ақжан Кәрім баласын жоғары сынып оқушысы ұрып, тіпті қол сүйегін сындырып жібергені туралы айтты. Оқиға 6 қазан күні мектеп ауласындағы футбол алаңында болған. 5-сынып оқушысы Айсұлтан Кәрім түстен кейін сабақтан шығып, ойнауға барады. Сол кезде 10-сынып оқушысы оларға дереу алаңнан шығуды бұйырады. Алайда балалар ойынды әрі қарай жалғастырып, жоғары сынып оқушысы келген сәтте бірін итеріп, кейін иығы мен аяғынан тебеді.