Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
- Аталған дерек бойынша Ақтөбе облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленуші медициналық мекемеге жатқызылды, жағдайы қанағаттанарлық. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар облыстық полиция департаменті көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертеді,- деп хабарлады баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқ тиген 36 жастағы адамның жағдайы тұрақты, ауыр. Ол Хромтау аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, есін біледі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбеде әріптесін өлтірген теміржолшы сотталды. Оқиға Ақтөбе-Алматы жолаушылар пойызында болды. Іссапарға шыққан олар ішімдік ішіп, кейін бір-бірімен жанжалдасып қалған.