Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Ақтөбеде Хромтау аудандық полициясының бұрынғы көмекшісі Раимбек Қалиуллиновке қатысты сот процесі басталды. Оны қызметтік қарумен жездесін өлтіруге оқталды деп айыптап отыр, деп хабарлайды hronika.kz.
Айыптау деректеріне сәйкес, 2026 жылдың 28 наурызында Қалиуллинов түнгі кезекшілікке 16 оқпен бірге Макаров тапаншасын алған. Алайда түскі уақытта ол қарумен бірге қызмет орнынан кетіп қалған. Сол күні ол ауылдағы туыстарына барып, жездесі және ағасымен бірге ішімдік ішкен. Кейін бәрі Хромтаудағы оның пәтеріне барған, ол жерде де ішімдік жалғасқан.
Дастархан басында жездесінің әпкесін жиі ұрып-соғатынын білген полицей ашуға беріліп, тапаншасын оқтап төрт рет оқ атқан. Қару істин шығып, атыс тоқтаған. Жәбірленуші кеуде, өкпе және бауырынан ауыр жарақат алғанымен, дәрігерлердің дер кезінде көрсеткен көмегі арқасында аман қалған.
Психологиялық-психиатриялық сараптама Қалиуллиновтың қылмыс жасаған сәтте есі дұрыс болғанын, әрекеттерінің қауіптілігін түсінгенін және оларды басқара алғанын көрсетті. Сот талқылауы жалғасуда.
Бүгін, 14:57