Ақтөбеде прокурор ұсталды

18.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Оқиғаға кеше болды. Ақтөбе облыстық прокуратурасы қызметкердің ұсталғанын растады.

– ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталық аппараты мен Бас прокуратураның Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, Ақтөбе облысы прокуратурасының қызметкерін ұстады. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды, - деп хабарлады прокуратура.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты Kazinform агенттігінің ресми сауалына ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті жауап берді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью