Ақтөбеде қала мен ауыл әкімдері сайланды

02.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Әйтеке би, Қарғалы, Мұғалжар мен Ырғыз 5 ауылдық округ, 1 ауыл мен 1 қала әкімінің сайлауы өтті. Оның төртеуінің өкілеттілік мерзімі аяқталған, қалған үшеуінің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. 

- 7 сайлау округі бойынша 27 кандидат ұсынылды. Оның төртеуі «Amanat» партиясынан, біреуі «Respublica» партиясынан, қалған 22-і өзін-өзі ұсынушы. Кандидаттардың 70% мемлекеттік қызметші болса, қалғаны бюджеттік, коммерциялық салада еңбек еткен. Біреуі жұмыссыз. Тіркеуге дейін 3 кандидат мемлекеттік қызмет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеді. Тағы үшеуі тіркеуге қажетті құжаттарды ұсынбады. Сайлауға 21 кандидат қатысты. Сайланған әкімдердердің төртеуі мемлекеттік қызметші, екеуі коммерциялық сала өкілі, біреуі бюджеттік сала қызметкері. Әкімдердің орташа жасы – 45. Кішісі 30 жаста, ең үлкені 58 жаста,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.

Айта кетейік, Әйтеке би ауданы Сұлукөл ауылдық округінің әкімі Тағанияз Ниязбаев, Қарғалы ауданы Велихов ауылдық округінің әкімі Сұңғат Нұрлымұратов, Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі Ерлан Мұхайыс, Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округінің әкімі Айбек Мұханов, Құмжарған ауылдық округінің әкімі Бекнұр Өтеулин, Мұғалжар ауылының әкімі Әлімжан Қорғанбай, Ембі қаласының әкімі Наурызбек Сарбасова болды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қаңтарда Ақтөбе облысы Хромтау және Қандыағаш қалаларының әкімдері сайланды. Екеуі де қылмыстық жауапқа тартылып, қызметтен кетті.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью