Ақтөбеде қатты жел кезінде мектептің шатыры ұшып кетті

17.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдайлар қызметкерлері мектепке көмекке барды, деректі тіркеді. Әлеуметтік желі арқылы тараған видеодан қатты жел кезінде шатырдың қозғалып тұрғанын көруге болады. Кейін мектеп шатырының тең жартысы ұшып кеткен. 

— Бейсенбі күні қатты жел болды. Сол күні желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетті. Мектеп шатырының бір жақ бөлігі ұшып кетті. Ол күні балалар онлайн оқыды. Қазіргі кезде қажетті құрылыс материалдары жеткізілді, қалпына келтіру жұмысы басталды. Жұмыс бір аптада аяқталады, оқу процесіне кедергі келтірмейді, — деді Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншалиев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НОВОСТИ АКТОБЕ | ZA AKTOBE (@za_aktobe)

Бестамақ орта мектебі 70-жылдары салынған. 2023 жылы облыстағы Тірек мектептер қатарына кірді. Мұнда бірнеше оқу кабинеті жабдықталып, облыстағы өзге мектептерге үлгі ретінде көрсетілді.

Айта кетейік, Ақтөбеде аяз бен жел күшейіп, бейсенбі, сенбі күндері сабақ онлайн өтті. Сонымен бірге жолда қалған шетелдіктерге көмек көрсетілді

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью