Ақтөбеде қоқыс маңынан табылған сәбиді отбасы асырап алды

10.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ақтөбеде қоқыс маңынан табылған сәбиді жаңа отбасы асырап алды. Батыр есімді сәби "Үміт" балалар үйінде бірер апта ғана болған. Ол туралы деректер порталға салған сәттен-ақ асырап алушы өтініш бірден түсірген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Балалар үйінің бас дәрігері Серік Айтукиннің айтуынша, сәби 10 маусым күні мекемеге қабылданған. Осыдан кейін оның туу туралы куәлігі рәсімделіп, бала асырап алу порталына енгізілген.

– Өтініш білдірген азамат келіп, баламен танысты. Заңда көзделген рәсімдер толық аяқталған соң оның өтініші қанағаттандырылып, сәби өткен аптада жаңа отбасына берілді, – деді ол.

Еске сала кетейік, биыл мамыр айында Ақтөбенің Тұрғындар қалашығы ауданындағы қоқыс маңынан нәресте табылған. Оның салмағы 2 келі 900 грамм болған. Сәби жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға жеткізіп, дәрігерлердің бақылауына тапсырған. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью