Ақтөбеде қоқыстан нәресте табылды

25.05.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Ақтөбеде қоқыстан жаңа туған нәресте табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Оқиға 23 мамырда болған

"Ақтөбе қаласында жаңа туған сәби салынған пакет табылды. Нәресте полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында дер кезінде медициналық мекемеге жеткізілді", - дейді полиция.

Қазіргі уақытта нәресте дәрігерлердің бақылауында. Ал полиция қылмыстық іс қозғап, баланың анасын іздестіріп жатыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью