Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен полковник Ардақ Құмаров жаңа қызметке тағайындалды. Ол Ақтөбе облысының тумасы. ҚР Қарулы күштерінің әскери академиясын және 2022 жылы заң университетін тәмамдаған.
— Әскери қызметін взвод командирінен бастап, Қарғалы ауданы әскери комиссариатында әскери комиссардың орынбасары, әскери комиссар, Хромтау ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы қызметтерін атқарды. Сонымен бірге Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары болды. Ақтөбе облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы лауазымына тағайындалғанға дейін Ақтөбе қаласы Астана және Алматы аудандары қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма бастығы лауазымында болды. «ҚР Қарулы Күштерінің ардагері», I, II, III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» және басқа да мерейлі медальдармен марапатталған, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент.
Айта кетейік, Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы болған Әділет Отарбаев Түркістан облысына ауысты. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Бауыржан Әбжанов Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы лауазымына тағайындалды.