Ақтөбеде қыста жолдарды күтіп ұстауға 3 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалады | Qazaq24.com
Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ақтөбеде жергілікті маңызы бар жолдардың ұзындығы — 4 440 км. Жолды күтіп ұстау үшін 174 учаскеге бөлінген. Оған 44 кәсіпорын жауапты.
Жауапты мердігерлерде 290 техника бар. Жолға 5 мың тонна инертті материал, 1,8 мың тонна дизель отыны әзірленген.
— Жалпы жергілікті жолдарды күтіп ұстауға 2,7 млрд теңге қарастырылды. Дегенмен қаржы нормативке сәйкес бөлінбей отыр.
Көлік министрлігі автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін жаңа құжат бекітті. Аталған құжатқа сәйкес шығын бұрынғыға қарағанда артқан.
Осыған орай алдағы жылдары қаржы жаңа норматив талаптарына сәйкес қайта қарастырылады.
Сондай-ақ Байғанин, Қарғалы, Шалқар және Ойыл аудандары бойынша келісімшарт мерзімдері аяқталды.
Бұл аудандарда қаңтар-ақпан айларында мердігерлермен арадағы келісімшарт ұзартылды, — деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр.
Читать полностью
Читать новость